KZ
Өскемен
+10°
проливной дождь жел 3 м/с, СШ
442.05 474.14 4.74

Біз аулаға шығудан, ал балалар ойнаудан қалды - Семей тұрғыны

19.06.2019, 05:40 100

Семей тұрғыны өзі тұрып жатқан үйдің ауласындағы жағдайға наразы, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі, Arnapress.kz сайтына сілтеме жасап.

Юность шағын ауданынының тұрғындары күнделікті шашылып жататын, жөндеу жұмыстарын көрмеген ескі аулаларынан әбден шаршаған. Тіпті шыққылары да келмейтінін айтады. Солардың бірі, Татьяна Ковалева.

– Бұл шағын ауданда мен 1982 жылдан бастап тұрып келемін. Сол уақыттан бері жөндеу жұмыстарының жүргенін көрген емеспін. Орталықтағы басты көшелерді жөндеген кезде, неге біздің аула осылай ескі болып тұруы керек – дейді қала тұрғыны.

Татьянаның айтуынша, осыдан бірнеше жыл бұрын шағын аудан аумағында коммуналдық қызметкерлердің қатысуымен желілерді жөндеу жұмыстары жүрген. Сол уақытта бірнеше шұңқырлар қазылған екен, алайда шұңқырлар төселгеннен кейін, тұрғын үйлердің ауласының бірінде ойық пайда болған. Жауын-шашын кезінде, осы шұңқыр суға толады да тұрады. Өтуге ешқандай мүмкіндік жоқ. Бесікарбамен жүретін жас аналарға тіптен қиын, шұңқырлар мен тастарды айналады да жүреді. Біз аулаға шығудан, ал балалар ойнаудан қалды.Қайдан ойнасын, ойын алаңдары да жоқ, - деп күйінген тұрғын, өзі тұрып жатқан ауданға жөндеу жұмыстарының жүргенін армандап қана өтемін бе деп, уайымдайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив