KZ
Өскемен
+22°
переменная облачность жел 2 м/с, ОБ
443.72 482.28 4.9

Қалбатауда үйдің жанына жаңбыр суы жиналып қалды (видео)

24.10.2020, 16:49 84

Қалбатау ауылының тұрғыны Светлана Мальцеваның күні  «Шығыс-адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне қоңырау шалумен басталады. Оған қосымша видео жүктеп салып жібереді. Светлана Витальевнаны күзгі жауын-шашынның салдарынан үйдің жанына жиналып жатқан су алаңдатады.

 Бұл мәселені «Шығыс-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің Маржан Бахыт «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қоғамдық кеңесінің отырысында көтерді.

- Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша Қалбатау ауылындағы Ысқақов, Ақтамберді жырау көшелеріне орта және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Біз тамызда жол сапасын тексеруге барған кезде  Ысқақов көшесіндегі жұмыстардан бірнеше кемшілік анықталды. Солардың бірі – сол  көшенің тұрғыны Светлана Мальцева айтқан проблема. Тұрғын жолды жөндеген кезде су ағатын  құбырды дұрыс салмағандықтан аулаға, одан үйлеріне су кіру қаупіне шағымданған болатын. Біз бұл жағдайды мердігерге, аудандық тұрғын үй- коммуналды шаруашылық бөлімінің басшысына ескерткен едік. Екі-үш айдың жүзі болды, ешқандай нәтижеге шығарылмаған. Тұрғын маған күнде телефон шалып, видео жібереді. Ертең қар түссе, не болады? Бұл мәселені тезірек  шешу керек, - деді «Шығыс-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің Маржан Бахыт.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив