KZ
Өскемен
-3°
туман жел 1 м/с, С
530.12 546.08 5.17

Өскеменде аула ішіндегі шұңқыр жолдар жөнделе бастады

30.04.2022, 18:11 234

Аталмыш жұмыстар үшін былтыр бюджеттен 100 млн теңге бөлінсе, биыл да дәл сол сома көлемінде жұмыстар атқарыла бастады. Құрылысымен қазір «Ремдор» ЖШС айналысып жатыр.

Қаладағы бірнеше ауданда аулалардың кіреберіс жолдарындағы шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Соның бірі – Потанин көшесі, 45-үйдегі аула. Бүгін облыс орталығының басшысы Жақсылық Омар құрылыс жұмыстарын өз көзімен көріп қайтты. Себебі тұрғындардан ең көп түсетін шағым да осы – аула ішіндегі шұңқыр жолдарға байланысты.

– Өткен жылы 88 аула жасасақ, биыл 92 ауланы жасаймыз. Келісімшарт бойынша жөндеу жұмыстары 1 маусымға дейін аяқталуы тиіс. Мердігер белгіленген мерзімге сай болса, бұл жұмысты жалғастырып, қосымша қаржы бөлуді көздеп отырмыз. Көптеген аулаларда үлкен шұңқырлар көп, оларды жөндеу керек. Тұрғындар да үнемі осы бойынша шағымдарын жиі айтады, - деді Жақсылық Мұқашұлы.

664abe2f-16b9-4875-852a-b54cb0a0d95d.jpg

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде атап өтілгендей, жөндеу жұмыстары жүргізілетін аула жай-күйіне қарай ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындарының өтініші бойынша таңдалды.

f34c42a4-5eba-446f-80e8-6e63bc61fcd0.jpg

Айта кетейк, бұған дейін аула аумағы жекеменшік аумақ болып саналғандықтан, пәтер иелері кооперативі бұл жұмыстарды жасау керек болған. Енді мұнымен әкімдік айналыспақ. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу