KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 5 м/с, В
443.72 482.28 4.9

Терең шұңқырлар жөндеу жұмыстарын қиындатып тұр - Семей

29.04.2022, 11:16 101

Жалпы ұзындығы 32 шақырымды құрайтын Семей-Талица жолына ағымдағы жылы жөндеу жүргізілмек

Ондаған жылдар бойы жөндеу көрмеген бұл жолға қалыңдығы 5 см және ені 6 метр болатын асфальт төселеді, жұмыстар мамыр айының соңына дейін аяқталады жоспарлануда.

- Жергілікті тұрғындар бұл жолды жөндеуді көптен бері сұрап келеді. Жол жағдайының нашарлығына бірнеше рет шағымданды. Бұл жол учаскесін жөндеу Семей қаласын дамытудың кешенді жоспарында да, "Аманат" партиясының сайлауалды бағдарламасында да қарастырылған. Тұрғындар үшін бұл жолдың маңызы өте зор. Бұл жерлерде көптеген туристік нысандар, шаруа қожалықтары бар, осы жолмен адамдар қалаға барып, ет сатады. Сондықтан бәрі де жұмыстың аяқталуын асыға және үлкен үмітпен күтуде, - деді Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов.

Аталған жол учаскесінде ұзақ уақыт бойы жөндеу жұмыстары болмағандықтан құрылысқа қатысты қиындықтар бар. Сонымен қатар, су тасқыны кезеңінде еріген қар суы топыраққа терең еніп, асфальт негізін сапалы дайындауға мүмкіндік бермейтін терең шұңқырлар пайда болған, бұл жағдай жұмысты күрделендіре түсуде. Жұмысшылар ондай жерлерді терең қазып, үлкен тастармен толтырады. Содан кейін жолдың негізі толығымен құрғағанша және нығайтылғанша 10 күн күту керек болады. Бірақ жол техникасының жұмысы тоқтап қалмайды. Құрылысшылар жолдарды фрейзерлеуді жалғастыруда: ескі асфальтты қабаты алынғаннан кейін, бұл материал шұңқырлар мен жол беттерін тегістеу үшін қайта пайдаланылады.

Жұмыстың осы түрі аяқталғанға дейін жол учаскесінде ауыр жүк көліктерінің өтуі үшін шектеу белгілері қойылып, уақытша айналма жолдар салынған.

Семей2.jpg

Ауа райы қолайлы болса, құрылысшылар келесі аптада асфальт төсей бастайды. Жөндеуге шамамен 15 мың тонна асфальт пайдаланылады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив