KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 1 м/с, С
523.17 550.06 4.93

Қазақстанда магистратура мен докторантураға түсу тәртібі өзгерді

17.06.2019, 11:10 168

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов магистратура мен докторантураға түсу тәртібінің өзгергені туралы бірнеше ай бұрын мәлімдеген болатын, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Біріншіден, магистратураға гранттар бірыңғай емтихан қорытындысы бойынша бөлінеді. Бұған дейін гранттарды жоғары оқу орындары өздері тағайындаған, өздері тапсырмалар дайындады, өздері емтихандар өткізді, өздері қабылдау туралы шешім шығарды, бірақ енді GMAT форматында бірыңғай емтихан өткізілетін болады. Яғни үміткерлер ҚР Ұлттық тестілеу орталығы өткізетін кешенді тестілеуден өтуі тиіс, жоғары балл жинағандар, өз қалаулары бойынша жоғары оқу орнын таңдайды, - деп жазды Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында.

Сол кездегі вице-министрдің айтуы бойынша, осы арқылы жоғары оқу орындары арасында бәсекелестік пайда болады. Ал, бәсеке бар жерде прогресс те бар.

Магистратураға түсушілер шет тілінен және өзі таңдаған мамандық бойынша екі бейіндік пәннен тестілеуден өтуі керек.

Докторанттарға келер болсақ, мұнда айтарлықтай өзгертулер енгізілген жоқ. Оқуға түсуші ЖОО-да бейіндік пән бойынша емтихан тапсырып, шет тілін білу деңгейі бойынша сертификат тапсыруы шарт.

Енді докторантураға түсу үшін шетел тілін білу және халықаралық сертификат (тиісінше IELTS, TOEFL және т.б.) ұсыну талаптары қойылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу