Алматы мен Нұр-Сұлтанда рұқсатсыз митингке шыққан 200 адам ұсталды
Алматы мен Нұр-Сұлтанда рұқсатсыз митингке шыққан 200 адамды полиция ұстап алып кеткен, деп хабарлайды, Алтайньюс тілшісі Tengrinews.kz. сайтына сілтеме жасап.
– Митингтің бірінші күні екі шаһардан 500 адам ұсталып, оның 400-іне айыппұл салынған. Екінші күні, 200-і қамауға алынып, 150-ге жуығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды – дейді Ішкі істер министрінің кеңесшісі, ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.
Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында өткен митингтерге былай деп түсініктеме берді.
– Осыған дейін айтып кеткеніміздей, полиция, Ұлттық гвардия күштері елдегі ІІМ-нің бөлімшелері митингтің тоқтауына ықпал жасады, өйткені дауыс беру кезінде қоғамдық қауіпсіздік сақталуы тиіс. 9 903 сайлау учаскесінің ешбірінде елеулі құқық бұзушылықтар тіркелген жоқ. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында «ДВК» ұйымының жақтаушыларына халық ішіне іріткі салуға қатаң түрде тыйым салынған. Дауыс беру кезінде «ДВК» белсенділері әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, жаппай насихат жүргізгенін атап өткен жөн. Заңға қайшы акцияларға біздің азаматтарымыздың едәуірі қатысқаны тағы бар. Әлеуметтік желілер арқылы митингке шақырып, тіпті «ДВК» чат белсенділерінің арасында жаңа арандату жолдары да ұсынылып жатты. Мәселен: көлік кептелістерін ұйымдастырудан бастап, тәртіп сақшыларына тікелей қарсы тұру және т.б.
Рұқсатсыз митинг ұйымдастырып, халық арасына іріткі салғаны үшін «ДВК» жақтаушылары Ішкі істер органына жеткізіліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал кейбірі тексеру жүзеге асқан соң, үйлеріне қайтарылды. Бұдан бөлек митинг кезінде үш бірдей полиция қызметкері зардап шеккен.