Нұр-Сұлтанда заңсыз митингтерге қарсы митинг өтті (ВИДЕО)
Нұр-Сұлтан қаласында бүгін митингтерге қарсы митинг ұйымдастырылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл митинг бұрыңғы митингтерден өзгеше болды. Мақсаты – ел ішіндегі тыныштықты бұзып, тұрақсыздық орнатуды көздеген әрекеттерге қарсылық таныту, халықты арандатушылыққа жол бермеуге шақыру. Митингке қатысқандардың саны 1,5 мың адамнан асып кетті.
Жиынды ұйымдастырып отырған "Нұр Отан" партиясы екен. Адамдар "Жерұйық" саябағында жиналып, еліміздегі тыныштықты бұзуға тырысқандардың әрекеті жайлы сөз қозғады.
Заңды түрде өткен митингке партия мүшелері, парламент депутаттары, белгілі қоғам қайраткерлері мен қарапайым азаматтар қатысты. Олар халықты қоғамда тұрақтылықты, бірлікті сақтауға шақырды.