KZ
Өскемен
-10°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Ерекше балаларға ерекше қамқорлық

1.06.2019, 08:24 188

ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова Өскемендегі арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, балаларды мейрамдарымен құттықтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Мұнда мүмкіндігі шектеулі ерекше балалар кешенді оңалту ем-шараларынан өтеді. Мерекелік базарлықпен келген облыс әкімінің орынбасарына мұндағы балалар да өз өнерлерін көрсетіп, шағын концерттік номерлерін ұсынды.

-        Бүгін мүмкіндігі шектеулі балалардың қатысумен керемет концертке куә болдық. Мұндай мекемелердің міндеті  - балаларды оңалту курстарынан ойдағыдай өткізу, оларды айналадағы адамдармен араластыру. Біз өңіріміздегі осындай ерекше балалардың жағдайын жасап оларды бақытты етуге тырысып жатқанымыз көңілге қуаныш сыйлайды. Осындай қуанышқа ат салысып жатқан барлық мамандарға алғыс айтқым келеді. Ал балаларға тек шат күлкі және мықты денсаулық тілеймін,-деді Әсем Нүсіпова.

 Бұл балалардың тағдыры да әр түрлі. Бірі тұра алмаса, бірі мүлдем отыра алмайды, немесе жүре алмайды. Ал балаларға ең қажетті бір дүние  бар ол – мейірім. Мекемедегі мамандардың арқасында мұндағы бүлдіршіндер өздерін қорғансыз сезінбейді. Ең бастысы олар бір отбасы мүшесіндей болып кеткен.

ШҚО-да барлығы дәл осындай 3  арнайы орталық бар. 1994 жылы құрылған мекемеде қазір 151 маман жұмыс істейді олар 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі 143 баланың күтімімен айналысады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу