Қазақстанда ет қымбаттады
Елімізде ет қымбаттады. Кей аймақтарда оның бағасы екі мың теңгеге дейін шарықтап кеткен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі 24.kz жаңалықтар порталына сілтеме жасап.
Әр облыста еттің бағасы әр түрлі болпы тұр. Мысалы, Қостанай, Қарағанды және Түркістан облыстарында сиры етінің келісі 1600 теңгеден сатылуда. Көкшетауда – 1700 теңге. Атырау, Шымкент, Петровалда – 1800 теңгеден. Сиыр етінің еңи қымбат бағасы Семей қаласында тіркеліпті.
Қойдың еті көп қалаларда 1500-1600 теңге аралығында бағаланса, Қостанайда 1900 теңгеге дейін жетіп отыр. Ал Атырау мен Петропавлда 1900 теңге қой етінің орташа бағасы болып табылады.