KZ
Өскемен
-1°
небольшой снег жел 5 м/с, ОБ
494.84 537.4 5.58

Тарбағатай ауданында қайырымдылық қоры мұқтаж жандарға үй салып береді

27.05.2019, 06:16 158

Ақсуат ауылында "Біз біргеміз" атты қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды және мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мақсатында қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл шараға аудан әкімі Серікқазы Сәдуақасов қатысып отыр.

Қайырымдылық акциясына келгендер кәсіпқой режиссер Бейбіт Құсанбаевтың театрлық қойылымын тамашалады.

Акция соңында жиналған барлық адамдар қаржылай көмек ретінде өз үлестерін қосты. Бұл қаражат мүмкіндігі шектеулі бала Нұртілеудің анасына сол жерде табыс етілді.

"Біз біргеміз"  қайырымдылық қорының төрағасы Жандос Оразғалиев биылғы жылы осындай акциялардан түскен қаржыға екі отбасына баспана салып беретіндігін айтса, Ақсуат ауылының зейнеткері, электр желісі мекемесінің ардагері  Қабыл Бектасов сол салынған үйлерге жарықты тегін тартып беруге уәде етті.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу