KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 7 м/с, ОШ
442.84 480.97 5

Күршімде кәсіпкерлер мен бөлім басшылары қайырымдылық акциясын бастады

26.10.2020, 07:46 117

Күршім ауданында мұқтаж жандарға арналған қайырымдылық акциясы кең көлемде жүргізіліп жатыр.

Әлеуметтік қорғау саласы мамандарының айтуынша, ауданда 12 тұрғынға қаржылай қолдау көрсетілді. Жалпы сомасы – 145 мың теңге. Бір отбасының үйі жөнделіп берілді. 846 мың теңгеге 187 адамға азық-түлік қаптары табысталды. Қысқа дайындық мақсатында 644 мың теңгеге 25 отбасына көмір мен жанба отын түсірілді. Осының бәріне 3 миллион 966 мың теңге жұмсалған.

Сонымен қатар, жылдағы үрдіс бойынша, жалғызбасты қария, мүмкіндігі шектеулі адам және көпбалалы отбасыларға кәсіпкерлер, шаруа қожалық иелері және бөлім басшылары көмек көрсетіп жатыр.

Олар бір адамға немесе бір отбасына қол ұшын созуды өз мойындарына алған. Мамандардың айтуынша, тек қана Күршім мен Марқакөл ауылында қайырымды жандарға 170 адам бекітіліп берілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив