«Үркер-2019» ұлттық сыйлығы. Өтінім қабылдау басталды
25 мамырдан бастап «Үркер-2019» ұлттық сыйлығына қатысу үшін өтінімдер қабылданып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Өтінімдер 2019 жылдың 25 мамыры мен 20 маусымы аралығында www.urker-awards.kz ресми сайтында орналастырылған үлгіге сәйкес қабылданады. Ұлттық сыйлық баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктері үшін беріледі.
Сыйлықтың құрылтайшысы және ұйымдастырушысы – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.
Өтінімдер төмендегі номинациялар бойынша қабылданады:
1) Жыл фотографиясы;
2) Жыл репортажы;
3) Жыл аналитикалық материалы;
4) Жыл журналистік зерттеуі;
5) Жыл сұхбаты;
6) Қазақстан туралы жылдың танымдық материалы;
7) Жыл радиостанциясы;
8) Жыл ақпараттық порталы;
9) Жыл газеті;
10) Жыл журналы;
11) Жыл new media (telegram-канал, әлеуметтік желілердегі үздік ақпараттық паблик).
Осы жылы дәстүрлі номинациялардан бөлек, «Жыл new media» номинациясы тағайындалып отыр. Бұл номинацияға қатысу үшін өтінімді танымал ақпараттық telegram-каналдар және әлеуметтік желілердегі белсенді топтар мен пабликтер бере алады.
Үздіктерді еліміздің медиа саласының дамуына елеулі үлес қосқан танымал медиа менеджерлер, журналистер, қоғам қайраткерлерінен құрылған комиссия айқындайтын болады. Жеңімпаздарға 1 000 000 теңге және сыйлықтың арнайы естелік мүсіншесі табысталады.
Барлық сұрақтар бойынша Ұйымдастыру комитетінің телефоны: +7 (7172) 79-82-15.