Халықтың наразылығымен шешім қайта қаралды
Нәтижесі даулы болған «Голос дети» байқауының шешімі халық қалауымен қайта қаралды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Шешімді қайта қарап, барлық жолды қарастырып көрдік. Бірақ қайта дауысқа салғанымыз дұрыс болмайды. Сондйқтан осы алтыншы маусымның ақтық мәресіне шыққан барлық қатысушыны жеңімпаз деп атадық, – деді Еуразия арнасының бас директоры Эрнст Константин.
Сонымен Нино Чеснер, Валерий Кузаков, Рената Таирова, Роберт Багратян, Анастасия Сисаури, Михаил Григорян, Мариам Абделькадер, Микелла Абрамова сынды жас таланттардың барлығы жеңімпаз атанды.
Ал байқаудың бірінші дәрежелі мүсінін Ержан Мақсым алды.
– Біздің арнада жүлде сатылмайтынына көзің жеткен шығар енді, Ержан, – деді Эрнст Константин.
Жеңімпаздардың әрқайсына 1 миллион рублдің сертификаты табысталды.