KZ
Өскемен
-6°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
497.89 525.12 5

Семейліктерге әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа тәртібі түсіндірілді

22.05.2019, 16:08 107

ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова Семей қаласындағы Жұмыспен қамту орталығына барып, тұрғындарға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жұмыстарының қандай деңгейде атқарылып жатқандығын тексерді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі

Облыс басшысының орынбасары АӘК-ке құжаттарын тапсырған үміткерлермен кездесіп, оны тағайындаудың жаңа тәртібін түсіндірді.


- Елімізде 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың жаңа тәртібіндегі адам басына шаққандағы күнкөріс деңгейі 50%-дан 70%-ға өзгерді. Яғни 14 949-дан 20789 теңгеге дейін. Демек, осыдан былай жанұяда жан басына шаққандағы орташа табыс 70%-дың шегінен аспайтын болса, онда әрбір балаға 20 789 теңгеден төленеді, деді Ә.Нүсіпова.


Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары қызмет көрсету сапасын сұрастырып, көптің көкейіндегі сұрақтарға жауап берді. Анықталғандай, Семей қаласындағы Жұмыспен қамту орталығына атаулы әлеуметтік көмек алу үшін күн сайын 60-тан астам адам жүгінеді. Тұрғындар кезекте көп күтіп қалмас үшін орталық қызметкерлерінің санын екі есеге көбейтуге тапсырма берілді. Бұдан бөлек, орталыққа кезекті бақылау және оны реттеу жүктелген.

Жалпы облыста, Семей қаласы бойынша АӘК тағайындаудың үлесі өте жоғары. Мұндағы әр маманның жүктемесі үлкен.
Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Семей қаласындағы Жұмыспен қамту орталығына 3 978 отбасы өтініш білдірген, оның ішінде 1930 жанұяның АӘК-ге өтініші қабылданса, 1 829 отбасыға 261,7 млн.теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу