Биыл 1300-ге жуық отбасы АӘК алады - Үржар
Үржар ауданының әкімі тұрғындар алдында есеп беруде, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.
Ауданының әкімі Серік Зайнулдин тұрғындармен кездесіп, 2019 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.
2020 жылға 1298 жанұяға 637,4 миллион теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жоспарланып отыр. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа жүйесі енгізілуіне байланысты 1 қаңтардан бастап 798 отбасы және 1 сәуірден бастап 130 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алмайды.
- Аталған отбасылармен арнайы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 130 отбасының 92-сі мал алуға тілек білдірді. Қалған отбасылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғасырамыз. Олардың тұрмыс деңгейлерінің жақсаруына қолдау көрсету біздің басты бағытымыз болып қала береді, - деді аудан әкімі өз сөзінде.