KZ
Өскемен
небольшая облачность жел 2 м/с, Ю
480.63 535.13 5.27

Қазақстанның бақытты қалалары мен өңірлерінің рейтингісі жарияланды

21.05.2019, 11:06 149

Сарапшылар Қазақстанның ең бақытты қалалары мен өңірлерін атады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Бұл туралы «Стратегиялық бастамалар орталығы» (CSI) мәлімдеді.

 

Дереккөздің ақпаратына сүйенсек, зерттеу 14 облыс және республикалық маңызы бар 3 қала бойынша жүргізілді. Сауалнамаға 3000 респондент жауап берген екен. Зерттеу барысында респонденттердің бай-қуатты өміріне әсер ететін әрбір фактор 10 балдық шкала бойынша бағаланған.

 

CSI мәлімдегендей, Нұр-сұлтан (6,65), Шымкент (6,47) және Ақмола облысының тұрғындары өздерінің өмір сүру деңгейіне барынша қанағаттанады. Ал Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Қарағанды өңірлерінің тұрғындары аймақтағы өмір сүру деңгейіне төмен баға берген. Алматыда қаласы (5,92) орташадан төмен бағаға ие болды.

 

Шығыс Қазақстан облысы аталмыш рейтингіде бар болғаны 10-орында. Аймақ тұрғындары, салыстырмалы түрде, тек әлеуметтік игіліктерге ғана разы. Ал «көмектесу мүмкіндігі» өңірде жоқ деп есептейді шығысқазақстандықтар.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив