Балжан бірінші рет дауыс берді

Облыс орталығындағы сайлау учаскелері таңғы сағат 7:00-де ашылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Тұрғындар да таң бозынан дауыс беруге асығуда. №79 учаскеге ағылған адамдардың арасында алғаш рет дауыс беруге келіп тұрған Балжан Оралбек те бар. Ол таңдау жасамас бұрын, референдумға қандай көзқараспен қарайтынын айтты.
– Мен Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің бірінші курс студентімін. Бүгін бірінші рет дауыс беруге келіп тұрмын. Мен ел азаматы ретінде өз таңдауымды жасаймын. Өйткені Ата Заңымызға енгізілетін түзетулер мен толықтыруларда халықтың мүддесі жатыр. Әрі бұл жаңа Қазақстанды қалыптастырудың алғышарттары деп білемін, – дейді Балжан.
Бірінші рет дауыс берген студентке тәтті тарту жасалды.