KZ
Өскемен
-8°
небольшая облачность Штиль
497.26 525.21 4.97

Бір жарым жастағы сәби орманда төрт күн бойы адасып жүрген

18.05.2019, 03:39 155

Американың Кентукки штатындағы Флойд округінде жоғалған 1 жастағы бала 4 күннен кейін табылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Бір жас және он ай толған Кеннет Ховард жексенбі – 12 мамыр күні жоғалып кеткен. Оның әкесі Элден баланы ұрлап кетті деп ойлаған.

 

 4 күн бойы құтқарушылар бригадасы айналадағы орман-тоғайды түгел тінтіп шыққан. Іздеуге тікұшақтар, иттер мен дрондар да қосылған болатын.

 

Ховард сәрсенбі күні үйінен бір жарым шақырым жерден табылды. Құтқарушылар тау бөктерінде баланың жылаған дауысын естіпті. Содан кейін баланы тростың көмегімен тартып алады.

 

Сәбидің ата-анасы оның үйден арт жақтағы қосымша есік арқылы шығып кетуі мүмкін екенін айтады. 

 

Ховардты тікұшақпен травматологиялық орталыққа апарып, дәрігерлер тексеріп жатыр. Құтқарушылардың айтуына қарағанда, бала табылған кезде денсаулығы жақсы болған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу