KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Курчатов қаласында жаңа бассейн пайдалануға беріледі

14.05.2019, 09:18 247

Аймақ басшысы Даниал Ахметов Курчатовта салынып жатқан жабық бассейннің сапасына жоғары баға беріп, мұндай спорттық нысандар облысымыздың өзге елді мекендерінде де болуы керек екенін айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Айта кетейік, алдағы уақытта Курчатов қаласында жаңа бассейн пайдалануға берілмек. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы мен мемлекетті-жекеменшік əріптестік аясында салынып жатқан спорттық нысанның құны шамамен 117 миллион теңгені құрапты. Облыс əкімі бұл өте тиімді баға екенін айтты.

- Əдетте мұндай бассейндердің құрылысына үш есе көп қаражат жұмсалады. Сондықтан бұл тамаша жоба екенін айтқым келеді. Нысанның сапасы да ойдағыдай. Мердігер компания келіссе, біз дəл осындай бассейндердің тағы алтауына тапсырыс беруге дайынбыз. Неге десеңіз, жобаның құны ұнап тұр. Негізі, осы тəріздес бассейндердің құрылысына 300 миллиондай теңге көлемінде қаражат кетеді, - деді облыс əкімі нысанды аралау барысында.

Осы ретте Курчатовтағы жүзу бассейнінің ұзындығы - 25, ені - сегіз, ал тереңдігі 1,6 метрді құрайтынын айтқан абзал. Спорттық ғимараттың құрылыс жұмыстарына "BuildupCompany" компаниясы жауапты.

Сондай-ақ облыс əкімі Курчатовтағы N4 қазандыққа барып, жылту маусымының қорытындыларымен танысты. Аймақ басшысы, жөндеуді қажет ететін қазандықтың жағдайын өз көзімен көріп, нысанды реконструкциялау жөніндегі жобаға бірқатар өзгеріс енгізді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив