ШҚО-дағы шипажайдың тазалығын кім тексереді?
Алакөлге демалуға барамын деушілердің ауру жұқтырып алуы мүмкін бе? Бұл жайға ШҚО әкімі алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының жетекшісі Марат Қабақов ағымдағы жылда «Барлық - Арасан - Алакөл» жолдарында жөндеу жұмыстарының жүретінін айтты.
– Шипажайдың тазалығын жеке меншік компания тексереді. Оның мінсіз екеніне ешкім кепілдік бермейді. Емделуге барғандар ауырып қайтпасын десек, ол жақты бақылауда ұстағанымыз жөн. Ол жердегі 1917 жылғы сарғайып кеткен ваннаны да білемін, деген Даниал Ахметов Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет пен Денсаулық сақтау басқармасына нысанға бақылау жүргізуді тапсырды.