Алакөлге қашан 4G қосылатыны айтылды
Турист тарту мен өңірдегі демалыс орындарын жарнамалау мақсатында жасалған http://toureast.kz/ туристік сайты әзірге ақпараттық қызмет қана атқарып тұр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Туристке ең қажет - демалыс орындарын таңдау мен бронь жасау ісіне шалғай аудандарда интернеттің жоқтығы себеп.
Сайтта өңірдегі туристік тартымдылығы жоғары 47 маршрут бойынша ақпарат пен бағалар жөнінде мәліметтер орналастырылған.
- Қаралым саны артып, ақпараттардың үздіксіз жаңарып отыратындығына қарамастан броньдау мәселесі шешілмей тұр. Оған кей аудандардағы интернет жиілігінің төмендегі, тіпті жоқтығы қолбайлау. Туристерді қызықтыратын Алакөлді интернетпен қамтамасыз етуге бірінші кезекке қойып отырмыз. Алакөл демалыс орнына жоғары жылдамтықты интернет қараша айында тартыла бастайды. Бүгінде «Қазақтелеком» АҚ оны жүзеге асырушы компаниялар арасында байқау жариялады,-дейді облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Марат Қабақов.