Өскеменде планетарий іске қосылды
А.С. Пушкин атындағы кітапханасында сфералы кинотеатр ашылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ұялы планетарий арқылы ғарышты, динозаврлар дәуірін тамашалап, су астына саяхат жасауға болады. Сондай-ақ, планетарий жай ғана фильм көрсетумен шектелмейді екен. Көрген материал есте сақталу үшін келушілер шығармашылық және практикалық тапсырмалар орындайды. Мұның барлығы қоршаған орта туралы білімді жетілдіруге септігін тигізеді.
Планетарий дүйсенбіден басқа күндері күнделікті жұмыс істейді. Уақыты: 9.00-ден 18.00-ге дейін. Кіру тегін.
Топтық экскурсияға алдын ала жазылу қажет. Байланыс телефоны: 8-777-257-13-03.
Оқи отырыңыз