Көкпекті ауылында жас дәрігерлер мен көп балалы аналар баспаналы болды
Бүгін Көкпекті ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Даниал Ахметов аудан орталығы Көкпекті ауылында көп балалы отбасыларға, жас дәрігерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға және толық емес отбасы өкілдеріне 13 баспананың кілтін табыс етті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Мұндай қуанышқа ие болған көп балалы ананың бірі - Альфия Гусеинова. Ол - төрт баланың анасы, мектепте ұстаз болып қызмет етеді. Төрт бөлмелі, үлкен жер үйді өзі таңдап алыпты.
- Мен өте қуаныштымын. Үйіме бақыт пен шаттық толды. Аймақ басшысына алғысым шексіз, - дейді Альфия Гусеинова.
Отбасының қуанышымен бөліскен аймақ басшысы жаңа қонысқа арнайы барып құттықтап, көрімдік ретінде үлкен теледидар, балаларына екі смартфон және көптеген ойыншықтар сыйға тартты.
- "Бұл жұмыс облыста жалғасады. Бүгін баспаналы болған барлық жандарды куаныштарымен құттықтаймын,"- деді, Даниал Ахметов.