KZ
Өскемен
-14°
пасмурно жел 1 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Биатлоншы Вишневская енді жеңіл атлет Вишневская

6.05.2019, 11:52 190

Өскеменде республикалық студенттік ойындар аясындағы жеңіл атлетика жарысы мәресіне жетті. Екі күнге созылған додаға еліміздің барлық өңірінің жоғары оқу орындарынан келген студенттер қатысып, жеңіл атлетиканың 16 түрінен сынға түскен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Атап айтсақ, жастар диск, ядро, шарбалға мен найза лақтыру, үш қарғып және сырықпен секіру, 100, 200, 400, 800, 1 500, үш мың және бес мың метрге жүгіру, биіктікке, ұзындыққа секіру, 4х100 эстафетасы сияқты сайыстарда өзара мықтыны анықтады.

Бір қызығы, бұл додаға өзге студент жастармен бірге биатлоншы Галина Вишневская да қатысты. Қысқы спорт түрінен талай байрақты бәсекеде олжа салған Галина бұл жолы шаңғысын кроссовкаға алмастырыпты. Жастар Олимпиадасының вице-чемпионы, Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері Өскемендегі жарыста 1 500 шақырымға жүгіру сайысына қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрінді. Аталмыш қашықтықты 5 минут 15 секундта еңсерген 25 жастағы семейлік спортшы жарыстың күміс жүлдесіне ие болды.

Осы ретте жарыс жеңімпаздары биылғы 3-14 шілде аралығында Италияның Неаполь қаласында өтетін дүниежүзілік жазғы Универсиадаға қатысу мүмкіндігіне ие болатынын айтқан жөн.

Айта кетейік, жарыс бірден үш жерде – қаладағы Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында, «Восток» стадионында, сонымен қатар «Олимпиец» спорт кешенінде өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу