Әміржан Қосанов президенттікке кандидат ретінде тіркелді
Әміржан Қосанов ҚР президенттігіне кандидат ретінде ресми түрде тіркелді. "Ұлт тағдыры" қоғамдық бірлестігінің атынан түскен үміткерді қолдауға 14 аймақтан 131 189 адамның қолы жиналды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жиналған қолдың 129 582-сі нақты расталып отыр. Бұл туралы Орталық сайлау комитетінің мүшесі Ақылбек Ихданов мәлімдеді.
Айта кетсек, Әміржан Қосанов 1964 жылы Қызылорда облысының Сапақ ауылында дүниеге келген. Белгілі саясаткер. Мамандығы - журналист.
Оқи отырыңыз