Алтынай Рамазанова: "Әркім өз азаматтық ұстанымын танытуға тиіс"
Шығысқазақстандық кәсіпкер алдағы жалпыхалықтық референдумға қатысты өз пікірін айтты.
– Мен референдумды қолдаймын. 5 маусымда дауыс беруге барамын. Өйткені ел Конституциясына жаңа Қазақстанды құруға мүмкіндік беретін аса маңызды түзетулер мен толықтырулар енгізілмек. Бұл іс-шараға қатысу өте маңызды, өйткені референдум халықтың өмірін жақсартуға бағытталған. Біз халық болып белсенді азаматтық ұстаным танытуға тиіспіз, – деді Алтынай Рамазанова.