KZ
Өскемен
-16°
туман жел 1 м/с, Ю
509.75 594.67 6.46

ШҚО-да тағы бір адам өртте қаза болды

29.04.2019, 08:14 595

Бүгін түнгі уақытта құрылысшылар тұратын вагоннан өрт шығыпты. Жалынды сөндіргеннен кейін вагоннан өртеніп кеткен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Оқиға Меновной ауылдық округіне қарасты Ново-Троицк ауылындағы ЖШС-нің аумағында болған.

- Вагонның ішкі қаптамасы жанған екен. Кәсіпорынның қызметкерлері өртті өз күштерімен ауыздықтауға тырысқан, артынан өрт сөндіру қызметін шақыруға тура келген, - деп мәлімдеді қалалық ТЖБ баспасөз қызметі.

Анықталғандай, қаза болған жігіт не бары 23 жаста ғана екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу