KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Жолдауда айтылған мәселенің бірі – студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету

22.09.2022, 09:51 148

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда атап өткен маңызды мәселенің бірі – студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету. Мемлекет басшысы бұл проблеманы шешу үшін жоғары оқу орындарымен және құрылыс компанияларымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін белсенді енгізу қажет екенін қадап айтты.

Осы саладағы жағдай туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек баяндады.

«2018-2021 жылдары 30 мыңнан астам орынды 124 жатақхана пайдалануға берілді. Оның 39-ы – жекеменшік, инвесторлардың ақшасына салынған. Қазіргі уақытта тапсыруға жоспарланған жатақханалардың 63 пайызы жеке қаражат есебінен салынуда», - деді министр.

Оның айтуынша, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті тарта отырып, жатақханалар құрылысының тартымдылығы мен тиімділігін арттыру үшін бірнеше шаралар ұсынылады. Олар республикалық бюджеттің нысаналы құрылысқа арналған шығыстарын оңтайландырып, шағын және орта бизнестің инвестицияларын жандандыруы тиіс. Осындай шара жекеменшік мектептер салу тетігінің нәтижелілігін көрсетті.

– Жатақханалармен қамтамасыз етілген жағдайда мемлекеттік грант алу үшін жоғары оқу орындарына қойылатын талаптар нормативтік тұрғыдан бекітілетін болады, - деп атап өтті Саясат Нұрбек.

Студенттерге жылдық 2-3 пайызбен білім несиесін алуға мүмкіндік беріледі.

Министр сондай-ақ сараланған білім беру гранттарын ұсынуды әзірлеу қажеттігі туралы айтты. Шынмен де, статистикаға сүйенсек, 2030 жылға қарай мектеп түлектерінің саны екі есе – 140 мыңнан 300 мыңға дейін артады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу