Халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мүлдем жаңа идеялар айтылды – Фарид Абитаев
«Астана-Бизнес» ЖШС-ның бас директоры Фарид Абитаев Президент жолдауында қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мүлдем жаңа идеялар айтылды деп есептейді.
– Мен Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын мұқият тыңдадым. Біздің қоғамымызды дамытудың, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартудың көптеген бағыттары бойынша өте сындарлы ұсыныстар айтылды.
Бірінші кезекте, өзіміз талай жылдан бері еңбектеніп келе жатқан аграрлық салаға тоқталғым келеді. Біз барлық жоспарымызды, мақсат-мүддемізді дәл осы ауыл шаруашылығымен байланыстырамыз. Сондықтан Президент өзі ерекше назар аударған саланы дамытудың бірыңғай стратегиясы мен субсидиялау ережелерінің пайда болуы қызықтырады. Аграрлық салада белгілі бір тұрақтылық, болжамдылық, өз қызметімізді оңтайлы құруға, сондай-ақ еліміздің аса маңызды және дамып келе жатқан аграрлық өнеркәсіп кешені нарығының барлық қатысушылары арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуге мүмкіндік беретін айқын нормалар мен ережелер қажет.
Сондай-ақ, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мүлдем жаңа идеялар айтылды. Мұның бәрі әрбір отбасының, біздің балаларымыздың болашағына, олардың әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз етілуіне қатысты бастамалар. Соның бірі әйелдердің декреттік демалысын ұзарту.
Бала 18 жасқа толғанға дейін Ұлттық қордан аударым жасау арқылы капитал қалыптастыру идеясы тіпті қуантады. Инвестициялық табыстың 50 пайызы балалардың шотына аударылады деп күтілуде. Ол қаражат кейінірек әрбір баланың білім алуына және тұрғын үй алуына жұмсалса құба-құп емес пе, - деді Фарид Абитаев.