KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
487.24 529.34 5.02

Өскемендегі Серікбаев көшесіне бір жолақ қосылды. Қай бағытқа?

23.04.2019, 10:51 130

Өскеменде Серікбаев, Потонин көшелерін кеңейтіп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бүгін көшенің жиектасын жылжытып, бөгет келтірген ағаштар араланып жатыр.

Потонин көшесінің ортасындағы гүлзар орны тегістеліп жолға айналады. Бірақ көше баяғыша екі-екі бағыттан 4 жолақ болып қала береді. Әкімдіктегілердің айтуынша, талапқа сай жөнделеді.

Ал Серікбаев көшесінің Потонин, Карбышев аралығындағы тұсына бір жолақ қосылады. Яғни, Карбышев көшесіне қарай бастайтын екі жолақ болады енді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив