Өскеменде автокөлік жаяу жүргіншіні қағып кете жаздады (видео)
Өскеменде кеше С.Нұрмағамбетов көшесіндегі жаяу жүргіншілер өтпесінде бойжеткенді автокөлік қағып кете жаздады.
Оқиға 18 сәуір күні сағат кешкі 19.00 шамасында болған. Mazda маркалы автокөліктің жүргізушісі жаяу жүргіншіге жол бермеген. Әбүйір болғанда, жүргізуші көлікті солға қарай бұрып үлгереді.
Белгілі болғандай, автокөліктің тізгінінде де бойжеткен отырған екен. Жаяу жүргіншіге жол бермей, жол ережесін сақтамаған 23 жастағы автобикешке қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Оқи отырыңыз