KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, С
447.25 485.18 4.96

Семейліктердің мақтанышына айналар нысан уақытынан бұрын салынып бітеді

19.04.2019, 03:54 96

Семейдегі «Абай Арена» мәдени-спорттық кешенінің құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Бұл туралы қала әкімі Ермак Сәлімов мәлім етті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Нысандағы жұмыстар ойдағыдай, тіптен, жоспардан сәл алда келеміз деуге болады. Бұйырса, биылғы желтоқсан айының басында кешенді пайдалануға береміз. Құрылыс басына барып, жұмыс барысымен танысып қайттым. Шаруа қызып тұр екен. Нысанның бір блогында тіптен әрлеу жұмыстары басталып кеткен. Кешенді салу жұмыстарына 700-ге жуық адам тартылған. Мамандар күні-түні еңбек етуде. Сондықтан, болашақта семейліктердің мақтанышына айналатын нысанды уақытынан бұрын салып бітеміз деп ойлаймын, – дейді Ермак Сәлімов.

Еске салайық, Семейдегі «Қарағайлы» жаңа ықшамауданында бой көтеріп келетін «Абай Арена» кешені бес мың орынға шақталмақ. Жаңа ғимарат көпқабатты тұрғын үйлер мен өзге де әлеуметтік нысандар жанынан орын тебеді.

Тағы бір айта кетер жайт, алдағы мамыр айында дәл осы ықшамауданда заманауи мұзайдыны сарайының құрылысы да басталуы тиіс. Ғимараттың жалпы аумағы үш гектар болмақ, ал ұзындығы – 240, ені 140 метрге жетеді, дейді жобалаушы мамандар. Аталмыш нысанда болашақта хоккей, шорт-трек, мәнерлеп сырғану, керлинг, конькимен жүгіру және басқа да спорт түрлерінен жарыстар өткізілетін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив