KZ
Өскемен
+2°
небольшой дождь жел 2 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Атом сынағының құрбаны Семейде қайыр тілеп жүр

5.04.2019, 08:20 170

Семей полигонынан зардап шеккен мына Азаматты жарты əлем біледі. Жапонияның, Италияның дəрігерлері емдеген. Еш көмегі болмаған.


Бүгін мен осы жігітті орталық базарға өтетін Қабанбай көшесіндегі жер асты жолындағы баспалдақта қаптаған қайыршылардың арасында қайыр тілеп отырғанын көрдім.


- Қалың қалай баурым? Бұл не отырыс? - дедім амандасып.


- Аға сіз кімсіз? - деді.


- Мен Аймұханбет деген ағаңмын. Сені жақсы білемін - дедім.


- Аға мен осындай жағдайға түстім! Анам қайтыс болған. Қазір менің күнім осы. Еш кімге керек жоқпын - деді ол мұңайып.
Мен Анасына көңіл айтып, садақамды беріп:


- Налыма баурым! Бəрі жақсы болады - дедім, жасқа булығып, даусым дірілдеп.


Сол жерден кеткен соң өзіме-өзім біраз келе алмадым. Туа сала тағдырдың тəлкегіне түскен мына бейкүнə бейбаққа "қолымның қысқалығынан" көмек бере алмайтыныма налыдым.


Айналайын əкімдер-ау, басқа-басқа, мына полигоннан зардап шеккендерге тірі ескерткіш - мына жігітті қайыр тілеткендерің қалай?


Бір кило рудасы жоқ, бір литр мұнайы жоқ, Жапония үкіметі Атомнан зардап шеккендерін қалай қамқорлыққа алғанын білсеңдерші?


Шығыс өңірінің əкімі болып, полигоннан зардап шеккендерді көзімен көрген қазіргі министр Б.Сапарбаев көз қырын салар. Семей қаласының əкімі де қалыс қалмас!


Жетім-жесірлерге, мұқтаж жандарға əр қашанда қамқор болып жүретін Семейдің Атымтай-жомарты - Марат Құрманбаев баурым бастаған қалталы азаматтар мұны көрсе, бір көмегін берер деп сенемін!


Осыны көрген Елбасы мен ҚР президенті Қ.Тоқаев ресейге Атом станциясын салғызбас бұрын "ақылына" келер деп сенемін!


"Жетім көрсең - жебей жүр" деген, дархан қазақтың ұрпағы емеспіз бе?!

 

Аймұханбет Бейсембековтің Фейсбуктегі жеке парақшасынан 04.04.2019

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив