"Өскемен жылу жүйелері" АҚ хабарландыру жасады
«Өскемен жылу жүйелері» АҚ ресми сайтында тәулік бойы қоңырау қабылдайтын 560-900 нөмірінің техникалық себептермен уақытша жұмыс істемейтіні жайлы ескертеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Айта кетсек, 560-900 нөмірі арқылы тұтынушылар өздерінің жылу есептегіш құрылғыларындағы көрсеткіштерді хабарлайтын.
Енді уақытша көрсеткіштерді төмендегі әдістердің бірімен хабарлау ұсынылып отыр:
- www.ukteplo.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы.
- "Өскемен ЖЖ жеке кабинет "ұялы қосымшасы арқылы.
- Call-орталықтың телефондары арқылы – 700-202. Күнделікті (жексенбіден басқа) сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін (сенбі күні 9.00-ден 14.00-ге дейін).
- СМС-хабарламалар арқылы: +7 777 535 52 69 және +7 702 224 24 80. Мәтінді теру форматы:
*дербес шот (тоғыз санды) немесе мекен-жай# ыстық суды есептеу құралының соңғы көрсеткіштері №1# ыстық суды есептеу құралының көрсеткіштері №2#.
- ukts.sms@mail.ru электронды поштасына дербес шотты, мекен-жайды жәнеыстық суды есептеу құралының соңғы көрсеткіштерін жазып жіберуге болады.