KZ
Өскемен
-9°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
516.13 538.01 5.29

Аягөзде тұрмысы ауыр отбасылар мен көп балалы аналарға арналған дүкен ашылды

28.03.2019, 04:33 142

Аягөзде «Қайырымдылық дүкені» ашылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Ішкі саясат бөлімі мен Аягөз қалалық мешітінің бастамасымен ашылған бұл дүкен шын мәнісінде тұрмысы ауыр отбасылар мен көп балалы аналар үшін өз тауарларын ұсына бастады.

 

Қасиетті жұма күні Аягөз қаласының әкімі Самат Серікұлы дүкеннің ашылу салтанатына қатысып, жиналғандар алдында құттықтау сөз сөйледі:

 

- Мұқтаж жандарға қол ұшын созу, оларға қадари-халімізше көмек беру басты парыздарымыздың бірінен,-деді ол өз сөзінде,-Сондықтан, мейірім мен қайырымға зар азаматтар да бар ортамызда. Біз оларды ұмытпауымыз керек. Соларға жылы қабақ танытып, материалдық жағынан көмектесе білсек, нұр үстіне нұр болар еді. Бүгінгі ашылып отырған «Қайырымдылық дүкені» де осындай мақсаттарды көздеді. Жақсы айдың жақсы күнінде ашылып отырған бұл дүкен қайырыммен жұмыс жасайды деген сенімдемін».

 

Бұдан соң сөз алған Аягөз қалалық мешітінің бас имамы Думан Нәдірұлы де дінімізде қайырымдылық жасау ізгіліктің, мейірімнің белгісі екендігін тілге тиек етті. Ал жиылғандар алдында ақ батасын берген Азанғали қажы ақсақал бүгінгі өтіп жатқан шараның сауабы мол екендігін, әманда Аягөз халқының тек ізгі істердің үнемі ұйытқысы болып жүретіндіктерін айтып өтті. Осылайша Аягөз қаласының орталығында есігін айқара ашқан «Қайырымдылық дүкені» өз жұмысын бастады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу