Семей тұрғыны көлігінде өртеніп кете жаздады
Семей қаласында тұрақта тұрған Toyota Carina ED маркалы жеңіл автокөлік өртеніп кетті. Оқиға Засядко көшесінде болған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Абырой болғанда, көліктің жүргізушісі тамақтануға кетіп, сол екі арада автокөлік өртенген. Көлік иесі осылай аман қалды деуге негіз бар секілді.
Өрт сөндірушілер шақыртудан кейін бірнеше минут ішнде оқиға орнына жетіпті. Көліктің мотор бөлігі жанған екен.
Оқи отырыңыз