Ана мен баланы өрттен құтқарған Меруерт Темірбаева марапатталды
Екі адамды өрттен құтқарған Өскемен тұрғыны Меруерт Темірбаева марапатқа ие болды. Оған облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Мадияров «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалін табыстады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аздаған шегініс жасап, сол оқиғаны еске алсақ. Меруерт құтқарушылардың келуін күтпестен, өртпен бір өзі арпалысып кеткен еді. Жалын ішінен 6 жастағы баланы алып шығып, баланың 1988 жылы туған анасына көмектескен ол. Сондай-ақ жедел жәрдем шақырып, ана мен баланы емханаға да жөнелткен.
Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен Меруерт Қабылханқызына «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалі табысталды.