Бүгін облыс аумағында қалың қар мен көктайғақ күтіледі
depositphotos.com
«Қазгидромет» филиалы ақпараты бойынша бүгін, 5 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының аумағында қар жауып, солтүстік пен шығыс өңірлерінде қар қалың түсуі ықтимал. Ауа райы құбылып, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ байқалады. Оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа дейін жетеді, деп хабарлайды Altainews.kz.
Өскемен қаласында да таңертең және күндіз қалың қар жауып, бұрқасын күтіледі. Қала көшелерінде көктайғақ пайда болып, желдің екпіні 15-18 м/с-қа дейін күшейеді.
Осындай қолайсыз метеожағдайда ШҚО төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды сақтыққа шақырады:
• көлік жүргізгенде жылдамдықты асырып, қашықтықты қысқартпаңыз;
• көшеде жүргенде мұқият болып, асықпай қозғалыңыз;
• боран күшейген кезде елді мекеннен шықпай, жоспарланған сапарларды кейінге қалдырған жөн;
• төтенше жағдай туындаса, 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.
Қауіпсіздік – әркімнің өз қолында. Ауа райы аяқасты құбылатын қыс мезгілінде сақтық шараларына мұқият болған абзал.