KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1 м/с, С
477.04 520.78 5.37

"27 қауіпті учаске бар". ШҚО-да алдын-ала мұз жарылыстары жүргізіліп жатыр

4.03.2019, 08:21 131

Шығыс Қазақстанда су тасқынының алдын алу мақсатында өзендердегі мұзды жару басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

 

Жалпы, облыста 27 қауіпті учаске бар. Олар Ертіс, Үлбі, Бұқтырма, Қалжыр, Күршім өзендерінде орналасқан. Осы аптада Шемонаиха және Алтай аудандарында өзендерге жарылғыш заттар орнатылады.

 

Алдын ала байқап көру үшін осы күндері мамандар Жоғарғы Үлбі өзенінде алғаш рет мұзды жарды.

 

 Мұз жару жұмыстары облыстың Алтай, Бесқарағай, Күршім, Қатонқарағай, Бородулиха, Шемонаиха аудандарында және Семей қаласында жүргізіледі. Мұз жару жұмыстарының қауіпсіз болуын аудандық төтенше жағдайлар бөлімдерінің қызметкерлері қадағалайды.

 

 Жарылыстардың кейбірі елді мекендерге жақын маңда болады, сондықтан, ауа толқыны мен сейсмикалық күшті азайту мақсатында мұндағы жарылыстардың күші әлсіздеу, бірақ кезек-кезегімен ұйымдастырылады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив