KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
477.45 527.1 5.24

ШҚО әкімі құрылысшыларды мерекемен құттықтады

pixabay.com

11.08.2024, 14:00 113 Назерке Каримова

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевтың құрылыс саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Сіздердің мамандықтарыңыз терең білімді, табандылық пен асқан жауапкершілікті, туған жерге деген сүйіспеншілікті талап етеді.  Маңызды мемлекеттік міндеттерді шешуге, Шығыс Қазақстан елді мекендерінің заманауи келбетін қалыптастыруға, қалаларымыз бен ауылдарымызда жайлы өмір сүруге барынша үлес қосып келесіздер, - деді облыс әкімі Ермек Көшербаев.


Ол құрылысшылардың әр заманда қажет мамандық екенін атап өтті.

- Халықтың әл-ауқатын арттыруда атқарып келе жатқан еңбектеріңіз үшін алғыс айтамыз. Біз бірге ең өршіл жобаларды жүзеге асырып, өңіріміздің игілігі үшін жаңа биіктерге жете алатынымызға сенімдімін. Еліміз өркендей берсін! Барлықтарыңызға зор денсаулық, бақыт және табыс тілеймін! – деді облыс әкімі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив