KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
485.11 523.82 5.02

ШҚО-да келесі аптада балабақшаға қабылдау басталады

pixabay.com

10.08.2024, 20:00 143 Назерке Каримова

2024 жылдың 12 тамызынан бастап Шығыс Қазақстан облысында балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау басталады.

Бұл туралы ШҚО білім басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бос орындар balabaqsha.snation.kz порталында жарияланады:

- 12.08-14.08 аралығында – мәртебелі қолжетімділікте;

 - 15.08 – жалпы қолжетімділікте.

Ата-аналар мектепке дейінгі ұйымға қабылдау туралы электронды жолдаманы balabaqsha.snation.kz порталында дербес алады. Жолдама 5 жұмыс күн жарамды. Сіздің балаңыз 5 жұмыс күні ішінде медициналық тексеруден өтуі керек, – деп хабарлады басқарма.


Осыдан кейін balabaqsha.snation.kz порталы арқылы қажетті құжаттарды тіркей отырып "Балабақшаға қабылдау үшін құжаттарды қабылдау" қызметіне өтініш беру керек:

- № 065/е нысанды профилактикалық екпелердің картасы;

- № 052-2/у нысандағы «Бала денсаулығы паспорты»;

- № 027/е нысанындағы анықтама;

- ПМПК қорытындысының (мүмкіндігі шектеулі балалар үшін) электронды көшірмесі;

- әскери қызметшінің немесе арнаулы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, фельдъегерлік байланыс қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, уәкілетті адамның қолымен және мөрімен расталған анықтаманың электронды көшірмесі (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды);

- ұйым басшысының мөрімен және қолымен расталған педагогтің жұмыс орнынан анықтама (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив