KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
477.45 527.1 5.24

Өскеменде «Абай - қазақ әдебиетінің сөз зергері» атты шара өтті

10.08.2024, 17:30 627 Назерке Каримова

Шығыс Қазақстан музей-қорығында Сол жағалау кешенінің аумағында Абай күнін мерекелеуге арналған «Абай – қазақ әдебиетінің сөз зергері» атты іс-шара өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мереке қонақтары, саябаққа келушілер және №27943 әскери бөлімінің жас сарбаздары алдында домбырашы Қуаныш Оралбаевтың және "Белес" музей-қорығының этно-фольклорлық ансамблінің орындауында концерттік бағдарлама ұсынылып, Абайдың «Сегіз аяқ», «Торы жорға», «Көзімнің қарасы», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем Қаламқас» сияқты белгілі туындыларын орындады.

– Абайдың қара сөздерінен үзінділер оқылып, хакімнің өмірбаяны мен шығармашылығын білуге арналған викторина өткізіліп,  Абай үйіне және «Абай әлемі» экспозициясына экскурсиялар жүргізілді. Шығыс Қазақстан облыстық Пушкин атындағы кітапхананың қызметкерлері келушілерге Абай шығармашылығы туралы кітап көрмесін  ұсындық, – деді  ШҚО музей-қорығының қазақ этнографиясы ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі Данияр Мерғалиев.


 

Қуаныш Рахметоллаұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив