KZ
Өскемен
-13°
туман жел 1 м/с, С
503.35 590.63 6.62

Өскемен: қар күрелмегендіктен қоқыс шығарылмай жатыр

4.01.2023, 11:52 591 Оразай Жеңісұлы

Өскеменде коммуналдық қызмет көліктері тұрғын үй ауласындағы контейнерлерге жете алмауда.

Бұған қардың күрелмеуі себеп, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Өскеменспецкоммунтранс» ЖШС және «Өскемен-Тазалық» ЖШС өкілдері тұрғын үйлер ауласындағы қарды өз техникалармен күреп жатқанын хабарлады. Кейде жұмысшылар қоқыс жәшіктерін көліктерге қолмен сүйреп те әкелетін көрінеді.

«Енді қар тазаланбайынша, қоқыс та шығарылмайды», - деп мәлімдеді «Өскеменспецкоммунтранс» ЖШС.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу