8 қаңтарға дейін қар көшкіні қауіп төндіреді – ШҚО
шартты сурет
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті дабыл қағып жатыр.
Шығыстың таулы аймақтарында 4-8 қаңтар аралығында көшкін жүру қаупі бар, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Мамандардың айтуынша, қар көшкіні көлік жолдарының бойында жиі болады. Сондықтан таулы аймақтарға сапарға шықпаған абзал.
«Қар көшкіні 8 қаңтарға дейін қауіп төндіреді деп болжанды. Жолға шықпас бұрын, трассаның ашық-жабықтығы туралы ақпаратты нақталап алған жөн», - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері.
Естеріңізге саламыз, тасжолдар туралы ақпаратты «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы білуге болады.