KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Риддер ЖЭО-ның басшылығына қатысты тергеу жүргізілуде

20.01.2023, 12:37 421 Ләззат Қанатқызы

Құқық қорғау органдары Риддер ЖЭО-ның басшылығына қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Облыс әкімдігі станцияны коммуналдық меншікке беру мәселесін бірнеше рет көтерген, десе де кәсіпорын басшылығы әзірге нақты жауап бермеген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Қараша айынан бері жылу электр орталығында апатты жағдайлар бірінен соң бірі қайталанып жатыр. Орталықта бірінші апат болғанға дейін 75 жұмысшының орнына 29 адам жұмыс істеп келген. Қазір 150-же жуық адам тәулік бойы еңбек етуде. Алайда, тұрғындар тарапынан арыыз-шағым әлі де көп, - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары ЖЭО басшылығына қатысты тергеу жүргізуде.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің ШҚО бойынша департаменті басшысының айтуынша, ШҚО-да орта есеппен алғанда коммуналдық желілердің 76,19 пайызы тозған. Ал, Риддер қаласындағы жылу электр орталығында жабдықтардың 74,5 пайызының тозығы жеткен

Естеріңізге сала кетейік, кеше таңертең сағат 06.54  шамасында Риддер ЖЭО-дағы цехтардың бірінен өрт шыққан болатын.  Артынша облыс әкімі ЖЭО-ға күрделі жөндеу жұмыстары қашан жасалатынын айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу