KZ
Өскемен
-8°
туман жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-ның ауылдарында ветеринар тапшы

22.01.2023, 14:28 386 Мадина Амангелдіқызы

Шығыс Қазақстандағы бірқатар ауылдарда ветеринар мамандар тапшы екен.

Қазір ШҚО-ның ветеринария саласындағы барлық жұмыс орындарының 80 пайызында маман бар. Ал оның 30 пайызы зейнет жасында немесе зейнеткерлікке таяп қалған, деп хабарлайды Altaynews.kz Қазақпарат сайтына сілтеме жасап. 

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, жыл сайын өңірде ветеринария мамандығы бойынша орта есеппен 135 түлек жоғары және орта оқу орындарын бітіреді. Алайда ауылда жұмыс істеуге 50-ге жетер-жетпес адам ғана барады.

«Өткен жылы маман тапшылығы мәселесін шешу үшін мал дәрігерінің жалақысы 60 мыңнан 130 мың теңгеге көтерілді. Биыл Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес, ветеринарлардың айлығын тағы 35 пайызға дейін арттыру жоспарлануда», - дейді басқарма басшысы Рамиль Сағандықов.

Осы салаға жастарды тарту мақсатында ветеринариялық оқу орындарының студенттері мен түлектері үшін ашық есік күндері, бос орындар жәрмеңкесі секілді шаралар жиі өткізіледі. Студенттердің агроөнеркәсіп кешенінің жетекші ұйымдарының басшыларымен кездесуі де ұйымдастырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу