Шекарадағы аудандар отандық радиохабарлармен қамтылады
Шекарадағы аудандар отандық радиохабарлармен толық қамтылады.
Бұл туралы өңірлік мерзімді басылымдар форумында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
- Ақпараттық қауіпсіздік мәселесі де назарда болуы керек. Сондықтан елдің шекаралас аудандарында отандық радиохабарлармен қамтуды кеңейту жұмысы күшейтіледі. Шекаралас аймақтарды радиохабар таратумен толық қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұған қоса, өңірлік БАҚ-ты қолдау үшін оларда жарық көрген мазмұнды мақалаларды республикалық басылымдарда жариялау тәжірибесін жалғастырған жөн. Бұл арқылы ұлттық журналистикадағы шығармашылық байланыстар нығайып, өңірлік мәселелерге тұтас еліміздің назарын аудара аламыз, - деді Дархан Қыдырәлі.
Оқи отырыңыз