KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 5 м/с, ОБ
443.35 475.54 4.82

Маусымда жедел жәрдем көліктері жаңаша жұмыс істейтін болады

12.06.2018, 15:10 104

Еліміздің барлық аймақтарында маусымның соңына дейін жедел жәрдем көліктері жаңа жұмыс стандартына ауыстырылады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлаған екен.


Жаңа ережеге сәйкес жедел жәрдем көліктері сары «лимон» түсіне боялады. Сондай-ақ, машиналар сағат 8:00-ден 23:00-ге дейін қызмет көрсету барысында қосулы дыбыс және жарық сигналдарымен жүретін болады.


Жергілікті атқарушы органдардан медициналық автомобильдердің түсін өзгерту мен сирена қосуға қатысты стандарттардың орындалуы талап етілмек. Министрдің айтуынша, енгізілген жаңа стандарт жедел жәрдемнің жеделділігін арттыра түседі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив