KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 2 м/с, В
494.87 520.65 4.91

«Жайлы мектеп» ауылдық жерлерде де салынады

10.02.2023, 15:40 522 Ләззат Қанатқызы

Биыл елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру басталады.

Бүгінде мектеп салатын мердігер компанияларға қойылатын талаптар белгіленді. Енді аталмыш жоба аясында салынатын білім ордасының құрылысына отандық өндіріс материалдары қолданылатын болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

- «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында үш ауысым мәселесі шешімін тауып, мектептердегі орын тапшылығын жою мүмкіндігі туады. Елімізде қазірдің өзінде 225 мыңға жуық оқушыға орын жетпейді. Жайлы мектептер 2025 жылдың соңына дейін қалалармен қатар шалғайдағы елді мекендерде де салынады. Құрылысқа отандық өндіріс материалдары қолданылады, - деді «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов.

Оның айтуынша, жайлы мектептер жобасы қолданыстағы нормалар мен озық халықаралық тәжірибеге негізделіп әзірленбек. Жаңа мектептерде спорт залдар мен коворкинг алаңы болатынын айтты

- 2025 жылға қарай ел аумағында 842 мың орындық 401 жайлы мектеп ашу жоспарлануда. Ол мектептердегі орындардың саны 300-ден басталып 2500-ге дейін жетеді. Яғни оқушылардың санына қарай белгіленеді. Жайлы мектепте робототехника кабинеті, бірнеше зертхана, аумағы 88 шаршы метр болатын хореография залы, үш коворкинг алаңы болуы керек. Сондай-ақ мектептерде бастауыш, орта буын және жоғарғы сынып оқушылары үшін бөлек спорт зал болады. Одан бөлек, әр сыныпта интерактив тақта және мұғалімге арналған компьютер қарастырылған, - дейді ол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу