Әділетті Қазақстан: Мәжіліс пен мәслихат сайлауы ашық форматта өтеді
2022 жыл – еліміз үшін саяси жаңғыру жылы болды деуге негіз бар. Президент бастамасымен түрлі салада тың рефеормалар жасалды. Солардың бірі жақындап келе жатқан маңызды саяси науқан – Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысты. Сайлау биыл әлдеқайда демократиялық және ашық форматта өтеді деп күтілуде.
Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:
– Мәжіліс пен мәслихаттар жаңа үлгі бойынша жасақталады. Сонда сайлаушылардың мүддесі жалпыұлттық және аймақтық деңгейде толық қорғалады. Өкілді билікке түрлі көзқарастағы азаматтардың келуіне мүмкіндік туады, – деді.
Былтыр Мәжіліс және облыстық мәслихаттар сайлауының аралас пропорциялық-мажоритарлық жүйесін енгізу туралы шешім қабылданды. Яғни Мәжіліс депутаттардың 30 пайызы партиялық тізім бойынша емес, тікелей сайланады. Ал мәслихаттарға келетін болсақ, мұнда схема 50/50 болады.
Қалалар мен аудандардың мәслихаттар сайлауы толық мажоритарлық жүйе бойынша өтеді. Сарапшылардың сөзіне сүйенсек, мұндай тәсіл азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ететін, халықтың, оның қалаулылары мен атқарушы органдардың арасындағы қарым-қатынастың жаңа форматының негізін қалайтын неғұрлым үйлесімді сайлау моделін қалыптастырады.
Бұған императивтік мандат деп аталатын мандаттың енгізілуі септігін тигізеді – өз қалаулысының жұмысына көңілі толмаған адамдар оны депутаттық креслосынан айыра алады.
Сондай-ақ партиялардың Парламентке өту межесін төмендету (қазір 5% дауыс алу жеткілікті), сондай-ақ партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30% квота енгізу жөніндегі бұрынғы бастамаларды еске түсірген жөн.
«Мұның бәрі Мәжілістің жаңа шақырылымы шынымен де палата үшін «қайта құруға» айналады», - деген ойда саяси сарапшылар.